Астанадағы Наурыз тойына Назарбаев пен Тоқаев қатысуда
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКПО алаңында өтіп жатқан Наурыз мейрамына арналған іс-шараға қатысуда.
12:30 21.03.2019
Мемлекеттік органдар, елордадағы этномәдени бірлестіктердің күш салуымен ЭКСПО аумағында 17 киіз үй тігілді. Назарбаев пен Тоқаев ЭКПО алаңындағы "қазақ ауылын" аралап шықты. Тұңғыш президент ұлттық шапан киіп келді. Ондаған киіз тігілген алаңға келген Назарбаев пен Тоқаевты "қазақ ауылының" тұрғындары əн-би, қойылыммен қарсы алды.
Бұнымен қатар аспанға ақ көгершіндер ұшырылды. Қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату, армрестлингтен дәстүрлі спорт сайыстары да ұйымдастырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!