{metadescription}
Атырау тұрғындары қызды құтқарамын деп көз жұмған полиция қызметкерін еске алды

Атырау тұрғындары қызды құтқарамын деп көз жұмған полиция қызметкерін еске алды

Атырау облысының тұрғындары 25 жасар полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батқан әйелді құтқарамын деп ағып кеткен Орал өзені жағасына гүл шоқтарын қойды.

Бүгін, 22 наурызда, сағат 10:00-де Орал өзенінің жағалауында қайғылы жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды. Оқиға орнына оның әріптестері, достары, туыстары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар келіп, гүл шоқтарын қойды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен полиция департаментінің басшылығы жиналғандарға көңіл айтты. Полиция департаментінің жеке құрамы мен өңір басшылығы қаза тапқан адамды жерлеу кезінде барлық қажетті көмек көрсетеді. 5 жыл бойы Отанға қызмет еткен оның еңбек жолын батырлық іс-әрекеті үзді, ол өз өмірінің бағасымен суға батқан әйелді құтқарды.  

Естеріңізге салайық, Атырауда полиция суға батқан әйелді құтқару үшін, ерлік жолында мерт болған болатын.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде