{metadescription}
Тоқаев: Әкімдердің есеп беру кездесулері – көзбояушылық

Тоқаев: Әкімдердің есеп беру кездесулері – көзбояушылық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласының жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдеріне халықпен тығыз байланыста болуды тапсырып, оларға жауапкершіліктің қатаңдайтынын ескертті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұдан былай шенеуніктердің үстінен халық тарапынан шағым түссе ол мәселе жіті қаралып, мемлекеттік қызметкер міндетті түрде жауапқа тартылатын болады, деп хабарлайды Ақорданың твиттердегі парақшасы.  

"Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі", - деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың твиттердегі парақшасында.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.