Атырауда ерлікпен қаза тапқан полицейді ақтық сапарға шығарып салды
23 наурызда Атырауда суға кеткен қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевты соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне мыңнан аса қала тұрғыны жиналды.
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
22:07 23.03.2019
Жиналған қауым арасында Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, Қазақстанның ІІМ әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары М.Байболов, облыстың бас полицейі А.Дүйсембаев, сондай-ақ полиция департаментінің жеке құрамы болды.
Ақымғалиевтер жанұясына көңіл айтқан парламент сенатының төрағасы Д.Назарбаева, Қазақстанның ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың жедел хаттары таныстырылды. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев марқұмның отбасына көңіл айтып, бұл бір әулеттің ғана емес, бүкіл елдің қайғысы екендігін атап өтті. Полицейдің зираты басында үш рет мылтық атылды.
Естеріңізге салайық, Атырауда полиция суға батқан әйелді құтқару үшін, ерлік жолында мерт болған болатын. 22 наурызда Атыраудың жүздеген тұрғыны полиция қызметкерін еске алып, гүл шоқтарын қойды. Шалхар отбасының жалғыз асыраушысы болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!