БҚО-да тұман түсіп, жел күшейеді
Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды.
17:52 24.03.2019
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 25 наурыз күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 17 метрге дейін жетеді.
«Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, күш-құралдар толықтай дайындыққа келтірілді»,- деді ТЖ департаментінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қардың еруіне байланысты су деңгейі көтерілетінін жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!