{metadescription}
Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды
Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.
16:40 24.03.2019
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.
Мұның алдында Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев болған. Ол Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне ауысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!