Алматы-Жетіген жолында көлік қаққан 2 адамның бірі мерт болды
Алматы-Жетіген тас жолында екі адамды көлік қағып, 1974 жылғы әйел мерт болды.
01:18 25.03.2019
Ал екіншісі 48 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқыс оқиға 23-ші наурыздан 24-не қараған түні болған. Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы бойынша сот-алды тергеу басталды. Іс облыстық анықтау басқармасының өндірісінде», - деді аталған ведомство қызметінен.
Қазір екі адамды қаққан Toyota Ipsum көлігі айыптұрағына қойылған. Ал зардап зеккен 48 жастағы ер адам Өтеген батыр ауылындағы ауруханада жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!