Ауыл тұрғыны Қазақстанның туы бейнеленген баннерді қорадағы шөпке жауып қойған
Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны ҚР әкімшілік кодексіне сәйкес жазаға тартылады.
10:39 26.03.2019
Шығыс Қазақстан облысы Қалбатау ауылының тұрғыны еліміздің туы бейнеленген баннермен шөбінің үстін жауып тастаған. Ол үшін ірі көлемде айыппұл төлеу жауапқа тартылу жазасы күтіп тұр. Қорадағы шөп үстінде жатқан Қазақстан туының видеосы әлеуметтік желілер арқылы тез тарап кеткен болатын. Полиция шұғыл түрде шара қолданып, бұл жайттың анық-қанығын білді.
Анықталғандай, Қалбатау ауылының тұрғыны шөптің үстін мемлекеттік тудың өзімен емес, рәміз бейнеленген алып баннермен қымтап қойған екен. Көлемі алты да үш метр баннерді ер адам қаңтар айында тауып алып, іске жаратыпты.
«1965 жылы туған ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Қазір полиция қызметкерлері ер адамның ту бейнеленген баннерді қайдан тапқанын анықтап жатыр. Болжам бойынша Тәуелсіздік күніне орай әзірленген сыңайлы. Енді баннерді кім жасады және мерекеден кейін неге ие болмады деген сұрақтардың жауабын табу керек.
«Тудың көлеміне қарағанда ол мемлекеттік органға тиесілі. Оның сеновалға қалай түскені белгісіз. Бұл жайтты анықтауды сұраймыз», - дейді постта.
Заңға сәйкес, мемлекеттік белгілерге қатысты 500 мыңнан 2,5 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Өзге де жауапқа тарту жолдары бар. Бұл 3 айдан 6 айға дейін, 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!