{metadescription}
Қарағандыда 31 жастағы ер адам сауда орталығын жарып жібермекші болды

Қарағандыда 31 жастағы ер адам сауда орталығын жарып жібермекші болды

Мереке күні сауда орталығында 500-ге жуық адам болған.

Қарағандыда «Таир» сауда орталығында дүйсенбі күні төтенше оқиға болды. Бұл туралы хабар полицияға 19.46-да түскен. Орталық қызметкерінің айтуынша, белгісіз біреу ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытыпты. Ғимараттан 500-дей адам эвакуацияланды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы мен сауда орталығының күзет қызметі 31 және 39 жастағы екі тұрғынды ұстады. Екеуі де мас болған.

Анықталғандай, алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған 31 жастағы ер адам сауда орталығының күзетшісіне ғимаратты жарып жіберетінін айтқан. Алайда, тексеру кезінде одан жарылғыш зат табылмады. 31 жастағы қарағандылыққа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 438-бабы 1-тармағы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ал оның 39 жастағы досына – 440-бап 3-тармақ бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу).


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде