Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс түсті
«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса дүйсенбі күні үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс тастады.
12:15 26.03.2019
Петропавл, Павлодар, Семейдің атын ауыстыруды ұсынып жатыр. Демократиялық партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның пікірінше, Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру керек.
«Петропавлды — Абылай ханның атымен, Павлодарды — тәуелсіздік үшін күрескен Кенесарының атымен, Семейді — Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Біз осылай жалғастыру керекпіз», - деді Иса «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында.
Сосын ол өз пікірімен бөліскенін айтты.
«Бұл менің жеке ұсынысым, сосын партияның фракциясымен отырыста көре жатармыз», — деп жауап берді Қазыбек Иса журналистерге.
«Ақ жол» демокартиялық партиясы парламенттік партия саналады. Оның мәжілісте депутаттық фракциясы бар.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!