Елордада автобустар соқтығысты: қаза болғандар бар
Елордада екі жолаушылар автобусына үшіншісі соғылды.
11:43 26.03.2019
«Бұл қала маңындағы бағдар, екі автобусқа үшіншісі келіп соғылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер бар екендігі туралы мәлімет келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша мерт болған адамдар да бар», - деп жауап қайырды ресми сауалға «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.
Елорда полициясы көз жұмған адамдар туралы ақпаратты растады.
«Үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 303-ші бағдардың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!