Өскеменде мас жігіт көпірден секіріп кетті
Өскеменде көпірден өзенге секірген ер адамды сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар құтқарып алды.
11:12 27.03.2019
«Көпірден өтіп бара жатқанда-ақ әрекеті күдікті ер адамды көзім шалды. Ол сырт киімін шешіп, көпірдің қанатынан асып өтті де, төмен қарай секіріп кетті. Осының бәрі қас пен көздің арасында болды. Мен бірден өзеннің жағасына жетіп бардым. Сол кезде тағы бір машина тоқтап, одан түскендер де көмекке асықты. Мен қолма-қол «112» бірыңғай диспетчерлік қызметіне хабарлап үлгердім», - дейді оқыс оқиғаға куә болған «Қазавиақұтқару» маманы Александр Кузовников.
18 метр биіктен секірген ер адам аман қалған. Медициналық орталық мамандарының айтуынша, суға секірген жігіт мас болыпты. Оны су ағысы жағалауға айдап әкеліпті. Сол маңдағы тағы бір адам оны судан шығарып алды. Үсті-басы су. Жедел қызмет өкілдері жеткенше, азаматтар оны жылы киіндіріп үлгерген. Сол кезде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жетіп үлгерген. Анықталуынша, ер адам мас болған. Ешқандай жарақат алмаған. Оған тыныштандыратын дәрі берген соң, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!