{metadescription}
Дәрігерлер ауыр апаттан зардап шеккен әйелдің аяғын кесуге мәжбүр болды

Дәрігерлер ауыр апаттан зардап шеккен әйелдің аяғын кесуге мәжбүр болды

Елорда әкімі мен денсаулық сақтау министрі әр пациенттің хал-жағдайын білді.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кеше ірі жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен азаматтар ем қабылдап жатқан қалалық №2 көпбейінді ауруханада болып қайтты. Елорда әкімі мен денсаулық сақтау министрі әр пациентке барып, оның хал-жағдайын сұрастырды.

«Тезірек жазылуыңызды тілеймін. Сізге біліктілігі жоғары үздік дәрігерлер көмек  көрсетіп жатыр. Айығыңыз!» – деді Бақыт Сұлтанов.   

Аурухананың бас дәрігері Иван Лидің айтуына қарағанда, қазір станционарда 13 адам ем қабылдауда. Олардың сегізінің жағдайы орташа (олар травматологиялық бөлімде емделуде). Екі пациент кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімінде. Үш адамның жағдайы ауыр. Олар жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Өкінішке қарай, бір науқастың оң аяғын кесуге тура келді. Сол аяғы да сынған. Кейін оған металлосинтез жасауды жоспарлап отырмыз. Аман алып қаламыз деп сенемін. Екінші әйелді емдеуге де бар күшімізді салып жатырмыз. Әзірге аяғын кеспей, металмен бекітіп қойдық. Олар, әрине, жарақат бөлімінде ұзақ уақыт бойы емделетін болады», - дейді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, кейбір пациенттер ұзақ ем қабылдауы керек. Ал енді бірін 7-10 күннен кейін үйіне жібереді. Еске сала кетсек, 26 наурызда таңертең Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус соқтығысып, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктер соғылған еді. Апат салдарынан 2 адам көз жұмып, 36 адам зардап шекті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде