Алматы облысында ауыл шіркеуін тонап кетті
Алматы облысында полицейлер ауыл шіркеуінің дүкеніне қарулы шабуыл жасаған күдіктінің жеке басын анықтады.
12:43 27.03.2019
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қарулы шабуыл фактісі Ілеу ауданында тіркелген. Пышақ ұстаған ер адам Боралдай ауылының шіркеуі аумағындағы дүкенге шабуыл жасаған. Ол сатушыны қорқытып, зергерлк бұйымдары мен ақшасын алып кеткен.
«Шабуыл жасаушының жеке басын анықтау үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. Қылмыскер шіркеуге көлігімен келген. Оның көлігінің маркасы мен жүргізушінің жеке басына қатысты мәліметтер тез арада анықталды. Аудандық полицияның жедел уәкілдері 39 жастағы жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 200 мың теңгеден астам сомаға бағаланған заттар іздестіріліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!