{metadescription}
Мамырдан бастап  жағдайы төмен азаматтарға 40 мың пәтер беріледі

Мамырдан бастап жағдайы төмен азаматтарға 40 мың пәтер беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді.

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді", - деп жазды баспасөз хатшысы

Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен жиналыс өткізді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде