{metadescription}
Елордада полицей ер адамды құтқарамын деп мұз астына түсіп кетті

Елордада полицей ер адамды құтқарамын деп мұз астына түсіп кетті

Астаналық құтқарушылар мен полицейлер мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқарды.

Оқыс оқиға 26 наурызда кешкілік Қазақ гуманитарлық заң университетінің артында болған. Жол қысқартпақ болған ер адам мұз үстімен өтемін деп, Есіл өзеніне түсіп кеткен. 

"ТЖД-нің қызметкері ер адамға жақындап, беліне арқан байлаған, алайда мұз оның салмағын көтермей, опырылып кеткен. Ер адаммен бірге құтқарушы мен полицей де өзенге құлады. Басқа полицейлер көмекке келіп, үшеуін судан алып шықты", - деді баспасөз қызметіндегілер.  

Ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкері мен полицейге алғашқы көмек көрсетілді. Полицейлер қазіргі кезде мұз ери бастағандықтан өзен мен тоғандардағы мұз үстімен жүрмеуге шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде