Дәрігер қателесіп қаралуға келген ер адамды сүндетке отырғызып тастады
Британияда хирург қателесіп ер адамды сүндетке отырғызып жіберді.
01:47 28.03.2019
Ол ер адамды басқа науқаспен шатастырған. Ер адам дәрігерге зәр шығару жұмысын тексерту үшін барады. Оны басқа науқаспен шатастырған хирург сүндетке отырғызып жіберген.
Аурухана басшылығы бұл жайлы пікір беруден бас тартты. Ұлттық денсаулық сақтау басқармасы да бұл жайлы білмеді. Тек медициналық мекемелерді тексерген комиссияның есеп беруі кезінде айтылды.
Құжаттар дәрігерлердің өзге де қателіктері айтылды. Онда бір дәрігердің бүлдіршіннің мұрын қуысында тампон ұмытып кеткені, тегі бір науқасқа өзгенің отасы жасалғаны, енді бірінің екінші жақ жамбасына қателесіп имплант салынғаны айтылды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!