Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлап, толықтай өртеніп кетті
Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады.
08:09 28.03.2019
Қызылорда облысындағы Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған орыннан үш адамның мәйіті табылды. 27 наурызда ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды. Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірігіп, әуе апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады. ІІМ ТЖ жөніндегі комитететінің мәліметінше, МИ-8 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған. Тікұшақ белгісіз жағдайларда құлап, толықтай өртеніп кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!