ҚР Президенті тікұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақта болған экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты.
08:40 28.03.2019
Бұл туралы ақпаратты Қазақстан көшбасшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында хабардар еткен.
"Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды президент.
Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Апатқа ұшыраған орыннан үш адамның мәйіті табылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!