Қызылорда облысында болған әуе апатынан 13 адам қаза тапты
Қызылорда облысындағы апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортындағы 13 адам қаза тапты.
10:17 28.03.2019
«27 наурызда ҚР ҚК тікұшағы құлаған кезде әскери борышын өтеу барысында бортта болған 13 әскери қызметкер қаза тапты. Қазақстан Республикасының бүкіл Қарулы Күштері қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», - делінген министрліктің сайтында.
Қорғаныс министрлігі қаза болған әскерилердің отбасына моральдық және материалдық көмек көрсететін болады. Еске сала кетсек, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!