Ақтөбеде автокөлік тепловозбен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
«Актөбе-Орынбор» тас жолындағы темір жол өткелінде SINOOIL мұнайбазасының маңында Niva Chevrolet маркалы автокөлік локомотивпен қақтығысқан.
12:33 28.03.2019
28 наурыз күні сағат 06:00-де «Актөбе-Орынбор» темір жол өткелінде Niva Chevrolet маркалы автокөлігі локомативпен соқтығысты деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаменті. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі сол жерде қаза тапты.
Ал жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты соталды тергеу басталып, сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты сот алды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!