Түркістан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Түркістан облысының Ордабасы ауданында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.
17:23 28.03.2019
Ордабасы ауданда ірі жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. «Ниссан» шағын автобусы мен «Ваз» көлігі соқтығысып қалған. Аудандық ПБ тәртіп сақшыларының мәліметінше шағын автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысады.
Ауыр соқыдан «Ваз» автокөлігі жарамсыз металға айналған. Орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы: «ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған».
Дереккөз: otyrar.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!