Павлодарда әйел алтыншы қабаттан құлап мерт болды
Куәгерлердің айтуынша, әйел адам алтыншы қабаттан құлаған.
18:34 28.03.2019
Оқиға орнынан әлеуметтік желіде фото жарияланды. Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласындағы оқыс оқиға Бектұров көшесі 115 мекенжайында орын алған.
- Аталған фактінің себебі мен қазіргі жағдай анықталуда, - деді департаментте. – Сараптама тағайындалды. Қаза болған әйел 1971 жылы дүниеге келген. Ол осы үйде тұратын.
Денсаулық сақтау басқармасында оқиғаның шамамен сағат 07:59 бен 08:05 аралығында болғанын айтты.
- Алты минуттан кейін келген жедел жәрдем адамның биологиялық өлімін анықтады. Себебі әлі белгісіз, - деді басқармада.
Дереккөз: Рavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!