{metadescription}
Оралда автобус зейнеткер әйелді қағып өлтірді

Оралда автобус зейнеткер әйелді қағып өлтірді

Жаяу жүргінші алған жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 10.00-дер шамасында болды. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл бойында №2 бағытпен жүретін автобус белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1937 жылғы кейуананы қағып кетті.

Жаяу жүргінші алған жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, кеше Оралда жол апатынан төрт адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз. Бүгін таңертең депо көпірінің астынан ер адамның мүрдесі табылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде