{metadescription}
Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан президенті Ұлттық Банк төрағасының жаңа екі орынбасарын тағайындады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.  

Еске сала кетсек, 12 наурызда ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын. Ол 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді. Есжан Біртанов бұған дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.