Автобус жүргізушінің денесі құрысып, рөлді жібере салған
Салонда 19 жолаушы болған, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.
09:20 29.03.2019
Қытайда автобус жүргізушісінің ұстамасы ұстап, рөлді еріксіз жібере салғаны видеоға түсіп қалды. Көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан. Оқиға 18 наурыз күні Сишуанбаньна-Дай автономды округінде болды.
Салондағы бақылау камерасынан жүргізушінің денесі құрысып, автобусты жүргізуге шамасы келмей қалғаны көрінеді. Салонда 19 жолаушы болған – барлығы дүрліге бастайды, олардың бірі рөлді ұстап, көлікті тоқтатқан.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!