ШҚО ауылдарын су басты
Бесқарағай ауданында екі үй мен оннан астам үйдің маңын су басты.
10:31 29.03.2019
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, су басқан аумақ өзенге жақын орналасқан. Ақпан айында тасқынның алдын алу мақсатында өзеннің бойына екі шақырымдай жерге топырақ үйілген болатын. Алайда бұл шара су басудан қауіпін сейілте алмады.
«Су топырақ үйіндісінің төменгі қабаты арқылы өтіп, екі үйді басты. Үйлердің біреуі бос тұрған. Екінші үйдің тұрғындарына уақытша баспана берілді», - деп мәлімдеді ТЖД.
Жер асты суы тағы 13 үйдің ауласына жайылып кетіпті. Суды сору жұмыстарын Семей мен Бесқарағай ауданының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жүргізуде. Қосымша Өскемен қаласынан құтқарушылар көмекке жіберіліп отыр.
Бүгін Кривинка және Семиярка ауылдарының маңында Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде Шемонаиха ауданының Убинка ауылын су басып жатқаны туралы хабар тараған болатын.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!