Дәрігерлер 268 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды
Токияның Кейо университетінде шала туған баланы үйіне шығарды.
Фото: japantimes.co.jp
11:02 29.03.2019
Нәресте 24 апталығында кесарь тілігі арқылы небәрі 268 грамм болып дүниеге келген. Үйге шығарылған кезде сәбидің салмағы 3238 граммды құраған. Дәрігерлердің айтуынша баланың денсаулығы өте жақсы. Ең аз салмақты бала 2015 жылы Германияда өмірге келген. Оның салмағы 252 грамм еді.
1000 грамнан төмен салмақтағы нәрестелер жүрек жетіспеушілігінен зардап шегіп, жұқпалы ауруларға бейім болып келеді. Жапонияда және басқа да дамыған елдерде осындай сәбилердің өмір сүру деңгейі соңғы жылдары 90 пайызға жоғарылаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!