Алматыда зейнеткер сегізінші қабаттан құлап мерт болды
Алматыда көп қабатты үйдің терезесінен 83 жастағы ер адам құлап кетті.
12:22 29.03.2019
29 наурыз күні таңертеңгі уақытта Алматыда Құрманғазы көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан егде жастағы ер адам құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңғы сағат 8:28, Құрманғазы көшесінде орналасқан тұрғын үйде орын алған ("Орталық" ТК).
1936 жылы туған ер адам сегізінші қабаттан құлап кетіп, мерт болды. Оқыс оқиғаның алдын ала себебі - суицид. Аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесінде ер адамның нақты неден қайтыс болғаны анықталатын болады.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Павлодарда тіркелген. 1971 жылғы әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!