{metadescription}
Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы вакцинация басталады

Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы вакцинация басталады

Елімізде 1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізіледі.

Ведомство мәліметінше, бүгін орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты брифинг өткізді.

«Қазіргі таңда Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 4670 жағдай тіркелді. Оның ішінде балалардың қызылшаға шалдығуы 71 пайызды құрайды. Соңғы аптада елімізде 450 жағдай тіркелді», - дейді Жандарбек Бекшин.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында халықты қосымша иммундау басталады. 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы бір екпемен егілген адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады, себебі халықтың осы тобында қызылша ауруымен әлеуетті ауыратын науқастармен жиі байланыста болғандықтан жұқтыру тәуекелі жоғары.

Айтуынша, вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылады. Сондай-ақ, еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері халық үшін вакцинация тегін жүргізілетінін, екпені алу үшін бекітілген аумақтық емханаға жүгіну қажеттігін атап айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде