«7-20-25» бағдарламасы бойынша 75 жамбылдық отбасы баспана алды
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында қабылданған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны және пәтерлерді кімдер алып жатқаны туралы Қазақстан Ұлттық банкі Жамбыл облыстық бөлімшесінде айтты.
14:30 29.03.2019
«2018 жылдың шілдесінде 31 млн теңге сомасында үш қарыз берілді. Қазір Жамбыл облысындағы серіктес банктері 1,19 млрд теңге сомаға 149 өтініш қабылдады. Олардың арасында 611,4 млн теңгеге 75 өтініш мақұлданып, 536,5 млн теңге сомасында 64 несие берілді», - деді Қазақстан Ұлттық банкі Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры Евгений Шарыгин.
Евгений Шарыгин несие алған тұлғалардың қай әлеуметтік санатқа кіретіні туралы сұраққа түрлі санаттағы адамдар деп жауап берді.
«13 қарызды білім беру жұмыскерлері, үшеуін - әскери, екеуі - мемлекеттік қызметшілер, сегізін медицина саласының қызметкерлері, екеуін спортшылар алды. Тағы бір қарызды ауыл шаруашылығы жұмыскерлері, пошта қызметкері, жетеуін - екінші деңгейлі банк қызметкерлері, 12-ін жеке ұйымдар алған. Қарыз алушылар арасында бір жеке кәсіпкер және 13 құқық қорғау органының қызметкері, бір ХҚО жұмыскері болды», - деді ол.
Евгений Шарыгин өңірде жеті банктің осы бағдарлама бойынша қарыз беретінін атап өтті.
«Центркредит банкі, АТФ Банк, Халық банкі, Цесна Банк, Еуразия Банкі, Сбербанк және Форте Банк бөлімшелері қарыз береді. Бұлардың арасында Центркредит банкі көш бастап тұр. Таразда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ақпараттық орталық ашылды. Ол жерден бағдарлама аясында баспана алу бойынша серіктес банктерден кеңес алуға болады», - деп түсіндірді Қазақстан Ұлттық банкі Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры Евгений Шарыгин.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!