Алматыда екі ит 3 жасар қызды талап өлтірді
Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит 3 жастағы қызды талап өлтірді.
16:50 29.03.2019
Қайғылы оқиға 29 наурыз күні, күндіз Алатау ауданының Құрылысшы шағын ауданында болған. Жануарлар аулада жүрген қожайынының қызын бас салып, талаған. Кішкентай қызды талап өлтірген ротвейлер тұқымды ит болып шықты.
Бүлдіршін жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Баланың қол-аяғы, үсті-басын таланған, бас сүйегі сынып кеткен. Мамандар иттердің мінезінің неге агрессивті сипат алғанын әзірге түсіндіре алмай отыр.
«Біздің ветеринарлық қызметке қоңырау сағат 12:30-да түскен. 20 минут ішінде оқиға орнына екі бригада барды. Жедел шаралар барысында Алматы қалалық мал дәрігерлік қызметіндегілер иттерді алып кетті. Олар қазіргі уақытта иттер мен мысықтарға арналған уақытша оқшаулағышта, мал дәрігерлерінің бақылауында. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді қалалық Ветеринарлық қызметтің жануарларды аулау бөлімінің жетекшісі Әйгерім Жақсылық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!