{metadescription}
Тоқаевтың тапсырмасымен Леңгір тұрғындарының мәселесі 2 сағатта шешілді

Тоқаевтың тапсырмасымен Леңгір тұрғындарының мәселесі 2 сағатта шешілді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Леңгір тұрғындарының мәселесі шешімін тапты.

Түркістан облысындағы Леңгір қаласының тұрғындары жертөледен шығатын сасық иіске бірнеше рет шағымданған. Бірер күн бұрын, мәселе кезекті рет айтылғанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бұл мәселені шешуді тапсырған. Екі сағаттан кейін Түркістан облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында үй тұрғындары мәселесінің шешілгенін айтып тұрған видеосы жарық көрді.

"ҚР Президенті Қ. Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көппәтерлі үйдің тұрғындары жертөледен үнемі кәріз қалдықтарының иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған 31 телеарнасының сюжетін жариялаған болатын. Араға 2 сағат салып, президенттің тапсырмасымен Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйінің мәселесі жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді", - деп жазды облыс әкімі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде