Атырау әуежайында полиция қызметкері әйел адамға абайсызда оқ атты
Жарақат алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді.
08:05 30.03.2019
Атырау әуежайында полиция қызметкері абайсызда әйел адамның аяғынан оқ атқан. 29 наурыз күні сағат 16.30 кезінде жолаушылар терминалында атылған оқ үні шықты. Болжам бойынша, полицияның желілік бөлімінің қызметкері табельдік қаруын тексермек болып, байқаусызда шүріппені басып жіберіпті.
Атылған оқ күту залында отырған Атырау тұрғынының аяғына тиген. Жас әйел әуежайға Нұр- Сұлтаннан келе жатқан туыстарын қарсы алуға барған екен. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!