Петропавлда азық-түлік дүкені өртенді
Петропавлда «Кама» дүкеніндегі өрт дер кезінде сөндіріліп, азық-түлік қоймасы аман қалды.
10:47 30.03.2019
СҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт жайында хабар «101» телефон нөміріне түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына - Смирнов көшесі, 21-үйдегі «Кама» дүкеніне санаулы минуттарда жетті. Құтқарушылар келгенде ғимараттың шатыры лапылдап жанып жатыр екен.
Өртті ауыздықтауға 6 техника мен 19 адам жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, үйлер мен шаруашылық құрылыстарының жақын орналасуы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындата түскен. Шамамен жарты сағаттың ішінде өрт толығымен сөндірілді. Адам шығыны жоқ.
Дүкеннің 150 шаршы метрді алып жатқан шатырына зақым келді. Алайда, өрт сөндірушілер сауда орнын жанып кетуден сақтап, қасындағы екі азық-түлік қоймасын аман алып қалды. Әзірше өрттің неден шыққаны және келген шығын мөлшері белгісіз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!