Алматыда ер адам өзіне массаж жасаған әйелді зорлап тастады
Өзіне массаж жасаған әйелді зорлап, тонап кетті.
11:35 30.03.2019
Алматыда алкогольді ішімдікке тойып алған ер адам өзіне массаж жасаған әйелді зорлап, тонап кетті.
«Масайған ер адам интернеттен массаж қызметі жайлы ақпаратты тауып, әйелдің мекен-жайына барған. Массаж жасап біткен әйел одан келісілген 10 мың теңгені сұраған. Ер адам осы кезде ас үй пышағын әкеп қорқытқан. Әйелді зорлаған және денесіне пышақ жарақатын салған. Ақша талап етіп, қалтасындағы Iphone 7+, samsung телефондарын алып, есігін сырттан кіліттеп қашқан. Келтірілген жалпы шығын 500 мың теңге. Қылмыскер кінәсін мойындады. 6 жылға бас бостандығынан айрылды», - деп жазылған Алматы қалалық сотының ресми сайтында.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!