{metadescription}

Қызылорда облысында қаза болған әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салды

27 наурызда Қызылорда облысында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты.

Қызылорда облысында қорғаныс министрлігі басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен Қарулы күштердің жеке құрамы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды әскери ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері әскери қызметшілердің туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтып, министр әскери қызметшілердің қаза болуы - бұл отбасы үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін атап өтті.

"ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштері барлық әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз етеді және қаза болған әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық, материалдық және заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдердің іске асырылуына көмек көрсетеді", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанның Қарулы күштері қаза болған әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіп, заң бойынша тиесілі бүкіл әлеуметтік кепілдеме және төлемдермен қамтамасыз етеді.

Қоштасу рәсіміне Қарулы күштердің басшылық құрамы мен генералитеті, Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері қатысты.

Қорғаныс министрі қолдау білдіру бір реттік көмекпен шектелмейтінін атап өтті. Ол гарнизондардың бастықтарына қаза болғандардың отбасыларына шефтілікті ұйымдастыруды, оның ішінде, олардың балаларына тәрбие беруге, білім алуға, жұмысқа орналастыруға және жан-жақты демеу болуға белсене атсалысуды тапсырды. Қаза болғандарға мемориал орнату жоспарланып отыр.

Қоштасу рәсімі аяқталған соң әскери қызметшілердің мәйіттері әскери-көлік авиациясы арқылы жерлеу орындарына жеткізілді. Әуе қорғанысы күштері мен жергілікті әскери басқару органдарының қолбасшылығына қаза болғандарды әскери жөн-жоралғыны сақтай отырып жерлеу тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Ақтаудан Шымкентке аттанған Қорғаныс министрлігіне қарасты МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Шейіт болғандардың 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде қызмет кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде