Ауруханада жарылыс болып, 14 адам жараланды
Жарылыс Мехикодағы жеке клиникалардың бірінде болған.
11:25 31.03.2019
Мехикода ауруханада жарылыс болып, 14 адам жараланды. Жәбірленушілердің көпшілігі қатты күйік алды. Мексика астанасы Мехикодағы жеке ауруханада жарылыс болып, кем дегенде 14 адам жарақат алды. Бұл туралы Excelsior жергілікті редакциясы хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жәбірленушілер арасында 33 және 81 жас аралығындағы тоғыз әйел және бес ер адам бар, олардың көпшілігі күйік алған. Аурухананың жанында тұрған алты көлік те зақымдалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!