Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті
Істі Өзбекстанның бас прокуратурасы ерекше бақылауына алды.
01:01 01.04.2019
Қарақалпақстанның Хожейлі ауданында жеке үйден ана мен оның үш баласының мәйіті табылды. «Трагедия ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдан кейін болған. Қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді дереккөз.
Балалардың ең кішкентайы үш айлық болған. Дереккөз барлық мәйіт үйде болғанын нақтылады. Бұған дейін өзбек БАҚ-тары әйел мен нәресте құдықтан табылғанын хабарлаған еді. Дереккөздің айтуынша, аудан тұрғындары оқиғадан кейін үрей құшағында отыр. Күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 97-бабы 2-бөлігінің «а» тармағына сәйкес (қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!