Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері өте алмай тұр
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстанмен шекарада қалыптасқан автокөліктердің кептелісіне қатысты түсінік берді.
09:21 01.04.2019
«Қазақстанның мемлекеттік шекарасында мониторинг өткізілуде және тыйым салынған тауарлардың тасымалын анықтау мақсатында қажет болған жағдайда көлік құралдарына тексеріс жүргізіліп жатыр. 27 наурыз күні қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бекетінде қытай және түрік тауарларын тасымалдап бара жатқан 9 көлік тексерілді. Бұл ретте, барлық көлік бойынша тауардың ілеспе құжаттарында жалған мәліметтер көрсетілген. Сондай-ақ өткізіліп жатқан тексерістерге сәйкес, 27 наурыз күні тауардың ілеспе құжаттарына түзету енгізу үшін 40 автокөлік Қырғызстан аумағына қайта оралды», - делінген комитеттің ресми сайтында.
Мәлім етілгендей, Қырғызстанда өндірілген тауарларға визуалды тексеріс жүргізілуде және заң бұзушылықтар анықталып жатқан жоқ.
«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының бағытына қарай Қырғызстан шекарасында 140 автокөлік құралы тұр. Кептеліс тасымалдаушылардың тексерістен өтуінен бас тартуына қатысты қалыптасты», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!