Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Құтқарушылар Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тауып алды.
09:50 01.04.2019
2018 жылдың 29 наурызында кешкі 21:28-де Жаңаарқа ауданының ТЖ бөліміне Атасу кентінің тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
З0 наурыз сағат 13:37-де Жаңаарқа ауданы Атасу ауылынан 6 шақырым қашықтықта жоғалған ер адамның денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы мен адамның қаза болуының себебі анықталуда. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!