Алматыда олимпиада чемпионы Баландинді тонап кетті
Алматыда жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен айнасын ұрлап кетті.
10:25 01.04.2019
Оқиға Құрманғазы, Абылай хан және Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы достарымен кафеде түскі ас ішіп отырған, кейін далаға шыққанда айнасын шешіп алып кеткенін байқап, полицияға шағымданған.
"Toyota Land Cruiser айдаймын, оны Олимпиададан кейін сыйлаған. Бір айнасы 400 мың теңге көлемінде тұрады. Біз Денис Денді өлтіріп кеткен жерге жақын маңда отырдық. Адамдар айна ұрлығын қоймапты, осыдан наразылық туындайды. Біздің халық өзгермейді", - деді Дмитрий Баландин.
Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан. Спортшы оларды көлігінен айна шешіп жатқан жерінен ұстап, ұрлықтың алдын алуға тырысқан, алайда жамбасынан пышақ соққысын алып, көп қан жоғалтып, қайтыс болды. 17 қаңтарда сот Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың сыбайласы Жанар Толыбаева төрт жыл колонияға кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!