{metadescription}
Украинадағы президент сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өтті

Украинадағы президент сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өтті

Сайлауға қатысқан 39 кандидаттың ішінде қалған үміткерлер бір пайыздан көп дауыс жинай алмаған.

Сайлау нәтижелері 10 сәуірге дейін жарияланады. Кандидаттың ешбірі бірінші турда 50 пайыздан көп дауыс жинай алмаса, 21 сәуірге жоспарланған екінші тур өтеді. Сайлауды ақырғы нәтижесі 1 мамырға дейін белгілі болады.

Дәл қазіргі уақытта бюллетеньдердің 22,36 пайызы тексеріліп үлгерді. Көштің басын 30,07 дауыспен шоумен Владимир Зеленский бастап тұр. Қазіргі президент Петр Порошенко 17,08 пайыз дауыс жинаған. Ал Юлия Тимошенконың еншісінде – 14,02 пайыз болса, Юрий Бойкода – 11,36 пайыз.

Осылайша екінші кезеңге Порошенко мен Зеленский өтеді деп болжануда. "112 Украина" арнасының экзитполы да сондай болжам жасаған: Зеленский - 30,7%, Порошенко- 18,6% және 13,9% Тимошенко.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде