{metadescription}
Қазақстандық спортшы Токиода сынған қолымен жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Токиода сынған қолымен жеңіске жетті

Токиодо аралас жекпе-жек өткен ONE Championship додасында қазақстандық палуан Қайрат Ахметов жеңіске жетті.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Үш раундтың нәтижесі бойынша Ахметов судьялардың шешімі бойынша жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл 31 жастағы спортшының мансабындағы 22-ші жеңісі.

Отандасымыз қарсыласын жеңіп ONE Championship Гран-приінің жартылай финалына өткен. Қазақстандық файтер турнирдің ширек финалында австралиялық Рис Макларенмен кездескен. Ахметовтің менеджері Саят Әбдірахмановтың сөзінше, спортшының жеңіске жетер жолында сәтсіздіктер болған.

Бастапқыда Қайратта виза мәселесімен проблемалар туындаса, жекпе-жектің алғашқы раундында қолын сындырып алған. Соған қарамастан отандасымыз белгіленген үш раундты еңсеріп, жеңіске жете білген. Айта кетейік, төрешілер Қайраттың жеңісін бірауыздан қолдаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде