{metadescription}
Ең бай әйелдердің бірі ұшақ апатынан қаза тапты

Ең бай әйелдердің бірі ұшақ апатынан қаза тапты

Ресейлік S7 компаниясы қожайындарының бірі және директорлар кеңесінің басшысы Наталья Филева ұшақ апатынан қаза тапты.

31 наурызда "Эгельсбах" әуежайында (Франкфурт-на-Майне) Epic-LT жеке ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. Ресейлік "Известия" басылымның жазуынша, апаттан Филеваның әкесі, "Глобус" әуе компаниясының ұшқышы да көз жұмған.

Ұшақ апатын тергеумен ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық комиссия айналысады. Неміс ұшу қауіпсіздігі қызметі апатқа бақылаудан айырылу немесе техникалық ақаулық себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.   

Наталия Филева S7 Airlines компаниясының 55 жастағы акционері. Forbes тізімі бойынша, Наталья Филева – Ресейдегі ең бай әйелдердің бірі. Оның байлығы 600 миллион долларға бағаланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде