{metadescription}
Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті анықталды

Дмитрий Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдікті анықталды

Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлік айнасын ұрлаған күдіктіні анықтады.

Д.Баландин азаматтың автокөлігінің айнасының ұрлану фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қалалық Криминалды полиция басқармасы кешенді тергеу-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сыртқы бейнебақылау камераларындағы видео алынып, ұрлық жасаған адамның жеке тұлғасы анықталды», - деді Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, ұрланған затты сатып алған саудагерлер анықталуда. Криминалды полицияның хабарлауынша, қылмыскер тура сол күні «Рэндж Ровер» көлігінің де айнасын шешіп кеткен. Еске салсақ, 31 наурыз күні Құрманғазы, Абылай хан және Байсеитова көшелерінің аумағында жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің автокөлігінің қапталындағы айнасының ұрланғаны белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде