{metadescription}
3 жасар қызды талап өлтірген иттер карантинде жатыр

3 жасар қызды талап өлтірген иттер карантинде жатыр

3 жастағы қыз баланы талап өлтірген ротвейлер тұқымдас иттер карантинде жатыр.

Оның айтуынша, ротвейлер - қабаған иттер тұқымына жатады. Мұндай иттерді асырау үлкен жауапкершілікті талап етеді.

«Меніңше, ата-аналары дұрыс қарамаған. Иттердің неге дәл сол сәтте балаға тап бергенін анықтау мүмкін емес. Егер ротвейлер иесі кинологтардың көмегімен иттерді тәрбиелей білсе, жануарды әлеуметтік ортаға бейімдеуге болады. Қазір олар бақылауда. Иттерге құтыру екпесі салынған. Барлығы сараптамадан соң белгілі болады», - деді Әнел Қабиева.

Оның айтуынша, иттердің миын зерттеу үшін оларды өлтіру шарт.

«Адам өлімі болғандықтан, иттерді өлтіруі мүмкін. Бірақ, ол үшін қожайыны рұқсат беруі немесе сот шешімі керек. Иттер 10 күндей карантинде жатады», - деді Ә.Қабиева.

Сондай-ақ, ол кейбір отбасыларда ротвейлерлер өмір бойы отбасымен бірге өмір сүретіндігін, алайда иттерге тән мінезге мән беру керектігін айтты. Айта кету керек, қайғылы жағдай Алматыда Самғау шағын ауданында болған еді. Ротвейлер тұқымдас екі ит иесінің 3 жасар қызын талап өлтірген болатын. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде