{metadescription}
Қызылордадағы апат: марқұм сарбаздардың отбасына баспана беріледі

Қызылордадағы апат: марқұм сарбаздардың отбасына баспана беріледі

27 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 әскери қызметші көз жұмды.

Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Авиация генерал-майорының айтуынша, апаттан көз жұмған сарбаздардың отбасына заң аясында міндетті түрде көмек көрсетіледі.

«Қазақстан заңына сәйкес, апаттан көз жұмған әскери қызметшінің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл – сарбаздың 5 жылғы жалақысына тең. Сондай-ақ отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқығы бар. Сарбаздарды жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сонымен қатар отбасындағы адам басына байланысты баспана өтемақысы төленеді», - деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде