Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
01:11 02.04.2019
2 сәуірде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 2 сәуірде күндіз, 3 сәуірде тәулік бойы Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. 2 сәуірде күндіз, 3 сәуірде тәулік бойы Орал қаласында тұман түседі, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетуі мүмкін.
2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, болады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады кей жерлерде 15-20 м/с жтеуі ықтимал. 2 сәуірде Петропавл қаласында тұман түседі, батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
2 сәуірде Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай, жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Дереккөз: ҚазГидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!