{metadescription}
Семейде өрттен екі бала ажал құшты

Семейде өрттен екі бала ажал құшты

Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала ажал құшты.

Семей қаласына жақын маңдағы Холодный ключ елді мекенінде екіқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды. 1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суық бастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар түтінге уланып көз жұмған. Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ, көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. Өрт сағат 14:56-да оқшауланып, 15:12-де сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.     


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде